Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Химия ұстаздарының ұстаханасы

0 113

Әулиеата өңірі – химия өнеркәсібі дамыған аймақ. Облыстың қазіргі даму үрдісіне көз салсақ, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп кешені және құрылыс материалдарын өндіру салалары үлкен басымдыққа ие болып отырғанын байқау қиын емес. Соңғылары кейінгі кезде ғана даму қарқынын үдетіп, белең алып, көш бастап жатса, химия өнеркәсібі аймақтың бренді болып қалыптасып кетті.

Сол себепті жергілікті жоғары және арнаулы орта оқу орындарының аталған саланың мамандарын даярлауға ден қоюы аса маңызды. Бұл тұрғыдан келгенде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Химия» кафедрасының қосып отырған үлесі зор. Химия саласы мамандарының ұстаханасына айналған білім ошағы ғылымға қызығатын, зерттеуге құштар, жаңалық ашуға талпынған жастардың ордасына айналған.
Кафедрада бакалавриатта «Химия және биология мұғалімдерін даярлау», «Химия (ІР)» және магис- тратурада «Химия педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар оқытылады. Осылайша кафедра химия және биология саласында жоғары білікті педагогтар даярлауда өңірімізде ғана емес, еліміздегі алдыңғы қатарлы білім беру орны болып отыр.
Мұнда мамандандырылған лабораториялар мен құрал-жабдықтармен қамтылған және оқудың инновациялық технологиясы енгізілген. Кафедра қызметі білім алушыларға терең теориялық біліммен қатар заманауи жағдайда табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды да қалыптастыруға бағытталған. Кафедра оқытушылары – өз саласының терең білімді мамандары, ғалымдар және тәжірибелі практиктер. Олар ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік салаларда мол тәжірибеге ие.
«Ұстаз ұлтты тәрбиелейді» дейді дана халқымыз. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де нағыз жанды өкілі. Ал қазіргі уақытта педагогтардың мәртебесіне барынша көңіл бөлініп отырғанын ескерер болсақ, Дулати университетінде білім алған ұстаздардың кез келген білім ошағында бағалы кадр болатынына шүбә жоқ.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті – тек білім беретін орын ғана емес, ғылым мен инновацияға бағытталған заманауи орталық. Университет қабырғасынан жыл сайын түрлі салада қызмет етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген білікті мамандар түлеп ұшуда. Ал «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті бәсекеге қабілетті, жаңа заман талаптарына сай мамандар даярлау ісіне өз үлесін қосып келеді.

Айнур МЕНЛИБЕКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті
«Химия» кафедрасының аға оқытушысы

Білім беру қызметі Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия
№KZ35LAM00001509

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.