Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Әділетті Қазақстанның берік тұғыры

0 68

Тәуелсіз Қазақстанның ең қастерлі құндылықтарының бірі – Ата заң. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында елді жаңғырту жолында Конституциялық реформалардың маңызын ерекше атап өтті.

– Біз Ата заңда еліміздің зайырлы мемлекет екенін әйгілейтін нормаларды сақтап, күшейте түсуіміз қажет. Конституциямыз заман талабына сай болуы керек. ХХІ ғасырда цифрландыру үдерісі өте жылдам жүріп жатыр, тұрақты және аса қарқынды сипатқа ие болды. Жоғары технология адамның күнделікті өміріне, құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсерін тигізе бастады. Болашақта бұл үрдіс үздіксіз жалғаса беретіні анық. Сондықтан еліміздегі цифр- ландыру үдерісінің институционалдық-құқықтық негізі Ата заңда міндетті түрде аталып өтуі қажет, – деді Президент.
Әрине, конституциялық өзгеріс- тердің басты мақсаты – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыру еді. Бұл өзгерістер арқылы Парламенттің рөлі артып, халықтың үнін билікке жеткізетін тетіктер күшейтілді.
– Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр. Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады. Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды. Осылайша біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы осыған дейін жүзеге асырылған саяси реформаларды одан әрі жалғастырамыз. Мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптас- тырамыз. Басты мақсатымыз да – осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы құрылтайда сөйлеген сөзінде.
Ал ағымдағы жылдың 15 наурызында өткен Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум ел тарихындағы маңызды саяси оқиғалардың бірі болды. Бұл референдум арқылы халық мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын конституциялық реформаларды қолдап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Ата заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекетіміздің мызғымас негізі. Оны құрметтеу – әр азаматтың парызы. Ал Конституциялық реформалар мен Ұлттық құрылтайда айтылған бастамалар Қазақстанның болашағы жарқын, іргесі берік ел болуына қызмет ететін тарихи қадамдар екені сөзсіз.

Дана АЛТЫНБЕКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.