Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Кітапхана – білім мен шығармашылық ордасы

0 47

Қай заманда болсын адамзат өркениетінің дамуына ықпал еткен ең ұлы құндылықтың бірі – кітап. Кітап – білімнің қайнар бұлағы, рухани қазына, ұлттың мәдени жады. Бүгінде кітапхана қоғам өмірінде ерекше маңызға ие мәдени орталыққа айналып келеді.

Президент Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе, олардың бар назары әлеу- меттік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек. Сондықтан «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырамын. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек», – деген болатын.
Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдаған кезде де қазақ әдебиетінде қазіргі оқырман талабына сай, іздеп жүріп оқитын қызықты туындылар жазылуы керек екеніне айрықша назар аударды. Оқушылардың рухани дамуы үшін олардың театр, мұражайға, тарихи орындарға жиі барып тұруы да маңызды екенін де қадап айтты.
Ал Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін құру туралы бастамасын қолдап, оқуға деген сүйіспеншілік – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті.
Президент сондай-ақ кітап – ұлттың зияткерлік және мәдени прог ресінің негізі екенін атап өтіп, жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру Қазақстан Үкіметі үшін де, бүкіл қоғам үшін де басым міндет болуға тиіс екеніне тоқталды.
«Артық білім – кітапта» деген сөз бекер айтылмаған. Сондықтан кітапханаға жиі барып, кітаппен дос болу – әр адамның рухани дамуына жасалған қадам. Ұлттың болашағы – білімді ұрпақтың қолында десек, сол білімнің алтын кілті кітап пен кітапханада екені анық.

Сәрсенкүл ЖҰМАНОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми
кітапханасының өнер жөніндегі әдебиеттер
бөлімінің меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.