Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Халықаралық аналар делегациялары «Анаға тағзым» орталығымен танысты

0 18

Тараз қаласында өтіп жатқан «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» атты халықаралық форум аясында қатысушылар бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында делегация мүшелері Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» әлеуметтік орталығына арнайы барып, мекеменің қызмет бағытымен және жұмыс жүйесімен танысты. Мұндағы жиын орталық алаңына аналардың қолымен гүл отырғызу рәсімімен бастау алды.
Орталық мамандары қонақтарға аналар мен отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен қоғамдық маңызы бар бастамалар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ, қонақтар орталықтың “Береке” асханасынан дәм татып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балаларының тұсауын кесті.
Форумға қатысушылар ары қарай дөңгелек үстел үстінде орталықтың жұмысын жоғары бағалап, мұндай әлеуметтік жобалардың өңірде отбасы құндылықтарын нығайтуға және қоғамдағы аналардың рөлін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті. Бұдан өзге жиында республикалық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи «Ұлы ана» меценаттық төсбелгісін иеленген аналарға төсбелгілері мен мадақтамаларын табыстады.
Аналар ары қарай бағыттарын бағдарламаға сай Асқар Тоқпанов театрына бұрды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.