Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Отбасы құндылығын дәріптеген тағылымды шара

0 62

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Тараз қаласындағы №63 орта мектепте тағылымы мол мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында «Спорт сүйер жанұя» атты эстафеталық сайыс өткізіліп, қатысушылар өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Сайыс отбасы мүшелерінің өзара татулығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Сонымен қатар «Даналық дәні» тақырыбында әжелер мен немерелер арасында тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл сайысқа қатысушылар ата мен әже тәрбиесінің маңызын ұғындырып, ұрпақтар сабақтастығын насихаттады.
Мектеп ұжымы ұйымдастырған мазмұнды шара оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шығып, отбасы бірлігі мен ұлттық тәрбиенің маңызын айқындай түсті.

Нұрбол ӘБДІҚАЛЫҚ,
№63 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.