Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Бейбітшілік пен ынтымақ – басты байлық

0 13

Құрметті Отандастар!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Бейбіт өміріміз баянды болып, тыныш тірлігіміз ұзағынан жалғаса берсін. Ең бастысы – көпұлтты қазақ жерінде дүниеге келген әрбір ұрпақтың бойына «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұғым терең сіңіп өсуі тиіс. Ол ана сүтімен дарылып, әке тәлімімен бекіп, білім мен тәрбиенің арқасында кемелдене түссе, елін, жерін қадірлейтін, ар-намысты биік қоятын саналы азамат қалыптасары сөзсіз.
Осындай ұрпақ тәрбиеленген елде бірлік пен келісімнің тамыры тереңдеп, сан түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ мұраты мен асыл арманы тоғысқан, бейбітшілік пен татулық үстемдік құрған жарқын болашақтың негізі қаланатыны анық. Бірлік пен келісім салтанат құрған еліміздің болашағы жарық, келешгі кемел болсын!

Жалил Аббосов,
«Жомарт жан» орталығының төрағасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.