Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Татулық, тыныштық пен тұрақтылықтың мерекесі

0 12

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — достық пен ынтымақтың мерекесі.
Жылдар бойы алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүретін барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз!

Леля Узденова,
Жамбыл облыстық «Архыз» қарашай-балқар
этномәдени бірлестігінің төрайымы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.