Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұм мен Жазылбек – егіз…

Ауданның 60 жылдығы тойланбаса – үлкен сын

0 62

Жақында Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев мырза Мойынқұм ауданының 60 жылдық тойы жайлы кеңес өткізіп, тапсырма беріпті. Иә, кезінде тұтас Одаққа аты жайылған Мойынқұм ауданының 60 жылдық мерейтойын өткізбесе, аудан басшылары мен елдігіне сын болары анық. Ол үшін рақмет десек те, бар тынысы Мойынқұммен егіз, Мойынқұм ауданының орталығын екі мәрте Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевқа беру туралы көптен сөз болғанымен, аяқсыз қалып келді.

Былайғы қазақ Мойынқұм мен Жазылбек Қуанышбаевті егіз ұғым деп санайды. Рас, Мойынқұм ауданының Шу ауданынан бөлініп, айлықты көбейтіп, елді тұрақтандыру үшін білікті басшыларымыз Айтбай Назарбековтің Жаз-Атаны тауып, бірін-бірі көтеріп, ауданды малға толтырып, елді мекеннен Алматы қаласына дейін ұшақ ұшырып, дәрілік шөп жасайтын мекемелер ашып, ауыл-ауылдан мамандарға үй-жай салдырып, балаларды оқытып, қызмет беріп, Шошақтық шөлін елге белгілі аудан жасады. Сол кездегі мамандардың ұрпағы бүгінде Мойынқұмды мақтанышпен айтып, әлі еңбек етуде. Ал ендеше Мойынқұмның орталығын Жазылбек ауылы деп атауға не кедергі?
Пайымдап қарасақ, көшенің «көсемдерінің» ынтымағы әлсіз. Жоғарыда айтылған екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың жеткен жетістіктерін кейінгі ұрпаққа дәріптеу жеткіліксіз. Есесіне қазір Мойынқұм ауданы барлық жағынан төмендеп, тарауға шақ тұр. Сондықтан Мойынқұм ауданының байырғы даңқын қайтару үшін өлкеде мал шаруашылығын мықтап дамыту қажет. Сонда ғана біз елді мекеннің еңсесін тіктеп, болашағына үмітпен қарай аламыз.
Қазір Мойынқұмда бірін-бірі көшіріп, тарихи кітап жазғандар көбейді. Бұл дұрыс үрдіс емес. Оның орнына қолына қалам ұстаған қауым ұлтқа үлгі, ұрпаққа мұра болып қалар рухани патриоттық дүние жазғаны жөн. Сонда өз тарихын білген жастар аталы іске қарсы болмайды.
Ал Жазылбек сияқты тарихи тұлғалардың еңбегі ешқашан өшпек емес. Заман жаңарған сайын ол жасара түседі.
Сөзімді Д.Қонаев пен А.Назарбековтің қабылдау бөлмесіндегі есігінде ілініп тұрған мына сөзбен аяқтағым келеді.
Жұмыс істегісі келген көзін табады,
Жұмыс істегісі келмеген жалтарма сөзін табады!

Жапар САТЫЛҒАНОВ,
республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты,
журналистердің «Алтын белгісінің» иегері,
Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.