Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ауданының прокуроры тағайындалды

0 321

Жамбыл ауданының активімен өткен жиында облыс прокурорының бірінші орынбасары Азамат Күренкей Жамбыл ауданына тағайындалған жаңа прокурормен таныстырды. Жиынға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жамбыл ауданының прокуроры болып Қыдырәлі Берік Дүйсенәліұлы тағайындалды. Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары осы ауданда аға көмекші, кейін Тараз қаласы прокурорының бөлімінде аға көмекші болып қызмет атқарған. Сондай-ақ Жамбыл облысы прокуратурасында және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында түрлі жауапты лауазымдарда, оның ішінде аға прокурор және ұйымдастыру-талдау бөлімінің аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2013–2017 жылдары Бас көлік прокуратурасының Жамбыл көлік прокурорының орынбасары болды. Одан кейін Жамбыл облысы прокуратурасында басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, сондай-ақ мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2020–2022 жылдары басқарма бастығы – Жамбыл облысы прокуратурасы аппаратының басшысы болды. 2023 жылдың 21 ақпанынан 2026 жылдың 3 сәуіріне дейін Ақтөбе қаласының прокуроры қызметін атқарды. 2026 жылғы 3 сәуірден бастап Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.