Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

0 253
Тараз қаласы, «Қарасу» шағынауданының №15 көпқабатты тұрғын үйінде қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Еске сала кетсек, 31 желтоқсан күні аталған нысанда төтенше жағдай болып, салдарынан 100-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған болатын.
Оқиға болған сәттен бастап шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков жедел комиссия құрып, зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Бүгінде, тапсырмаға сәйкес, тұрғын үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Қазіргі таңда ғимарат шатырының 80 пайызға жуығы жабылып, өрттен және өзге де себептермен зақымданған пәтерлердің қабырғаларын тегістеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.