Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Күзгі екі айлық сенбілік аяқталды

0 157

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен Тараз қаласы әкімінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №2207 қаулысы аясында жарияланған шаһар аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі күзгі екі айлық өз мәресіне жетті.

Санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында жалпы 9 сенбілік өтті. Сенбіліктер кезінде шағынаудандарда және орталық көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық шараларына 30 мыңнан астам адам қатысты. Екі айда жоспарланған 15 шақырым арық жүйесі, 230 шақырымдай қала көшелері және 388 030 шаршы метр аумақты қамтитын саябақтар тазаланды. Сонымен қатар «Қарасу-2», «Үшбұлак», «Түйте», «Қапал» каналдары қоқыстан тазаланып, шамамен 1 700 тоннаға жуық күл-қоқыс қала аумағынан шығарылды.
Бұдан бөлек, күз мезгілінде қаланы көгеріштендіру аясында 6 900-ге жуық тал және 1 500 жуық бұта отырғызылса, «Жібек жолы» ауданында – 5 мың, «Әулиеата» ауданында 7 мың тал егілді. Сондай-ақ «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында «Қызылабад» алқабына 10 мың тал отырғызылды.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.