Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жылу желілері – жіті бақылауда

0 187

Қала тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту және тұрғын үйлердегі инфрақұрылым мәселелерін шешу – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі.

Жуырда «Ұлы дала» шағынауданындағы бірқатар көпқабатты үйлердің тұрғындары жылу мен су қысымының төмендігі, сондай-ақ инженерлік жүйелердің ескіруі секілді мәселелер бойынша тиісті мекемелерге бірнеше рет өтініш жолдаған болатын. Осыған байланысты қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі мен Әулиеата ауданы әкімдігінің мамандары азаматтардың шағымдарын назардан тыс қалдырмай, нақты іс-шаралар қабылдауға кірісті. Арнайы жұмыс тобы шағым түскен үйлерді аралап, жағдаймен жіті танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл шара тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және коммуналдық қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі таңда аталмыш шағын аудандағы №1029 үйге қуаттылығы 2 850 Вт болатын екі жаңа сорғы орнатылып жатыр. Бұл құрылғылардың іске қосылуы тұрғындарға су қысымын арттырып, күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін ыңғайлы өтеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.