Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тараз тіршілігінің күретамыры

0 250

Кейінгі бірнеше жылда облыс орталығында жаңа шағынаудандар бой көтеріп, инфрақұрылым жүйелері жаңартылып жатыр. Әсіресе, көкжиегі кеңейген көне шаһарда биыл ауқымды ірі жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Абай даңғылындағы теміржолдың үстімен өтетін көпір мен жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы.

Жобаға республикалық бюджетке 16,9 миллиард теңгеге өтінім ұсынылды. Көпір құрылысын жүргізу үшін жол бойындағы жеке тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар мемлекет мұқтажына қайтарылып, оларды сүру жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар Абай даңғылының теміржолдан арғы бөлігінде асфальт жабындысы алынып, көпірдің тірек қабырғалары орнатылды. Құрылысы биыл басталған нысанды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның аяқталу мерзімі 15 айды құрайды.
Бұдан бөлек, Абай даңғылының Сыпатай батыр көшесінен Жамбыл даңғылына дейінгі аралықта теміржол, өнеркәсіптік аймақ арқылы эстакада салуға басымдық беріліп отыр. Бүгінде мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім ұсынылған. Аталған эстакада салынған жағдайда ел аузында «Горбатый мост» атанып кеткен көпірдегі көлік кептелісі едәуір азайып, қаланың шығыстан кіреберіс жолына, №14 шағынауданға тікелей қатынауға мүмкіндік туады.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.