Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қаржыны тиімді игеру – тұрақты дамудың тірегі

0 554

Бюджет – мемлекеттің экономикалық әлеуетін бейнелейтін қаржылық құрал ғана емес, қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды тетік. Оның әрбір тармағында ел дамуының келешегі, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға деген ұмтылыс, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты мақсаттар тоғысып жатыр.

Ал қазына қаржысын тиімді игеру жоспарлы даму мен ұтымды басқарудың, жауапты шешімдер мен әділетті бөлудің көрсеткіші екені белгілі. Қоғам мүддесіне сай әділ әрі ашық түрде жұмсалған қаржы біртіндеп орнықты өсімнің, сенімді болашақтың негізіне айналады. Осы арқылы алдағы даму бағыты айқындалып, жұмыр жоспарлар әзірленеді.
Осыған орай 2025 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы ҚР Бюджет кодексінің 96-бабын басшылыққа ала отырып және ағымдағы жылдың 30 шілдесінде облыстық бюджетке нақтылау жүргізілуіне байланысты қалыптастырылды. Кезекті бюджетті нақтылау барысында республикалық бюджет шығыстары бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінен 757,3 миллион теңгеге ағымдағы нысаналы трансферттер қысқартылды. Сонымен қатар облыстық бюджет шығыстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару есебінен кредиттер қарастырылып, бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталып отыр. Атап айтсақ, «Балауса» (14) шағынауданын электрмен жабдықтау жұмыстарына, аталған шағынауданда 22 көппәтерлі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің, «Хамукат» тұрғын алқабын газбен және сумен жабдықтау желілерінің құрылысына және Тараз қаласының тұрғын алқаптары үшін жоғары вольтты желілер мен қосалқы станцияларды салуға тиісті қаражаттар бөлінді. Бұған қоса ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 18 шілдедегі №543 Қаулысының негізінде Жамбыл облысы бюджетіне бөлінген 13,9 миллиард теңгеге секвестрлеу жүргізілді. Оның ішінде Тараз қаласының бюджеті есебінен бірқатар облыстық трансферттер қысқартылды. Бұл бойынша Тараз қалалық мәслихатының «2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың №25-3 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.