Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жыр алыбына тағзым

0 445

Бүгін Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

ХХ ғасырдың Гомері атанған тұлғаның өнегелі өмірі мен өнері туған халқын сүюдің, оған қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін айшықтайды.

Елімізде ақын атымен аталатын екі ғана облыс бар десек, оның бірі – Жамбыл облысы. Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемде де адам атымен аталатын облыс, қалалар санаулы.

Ғасыр жасаған абыздың есімін еншілеген өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, рухани-мәдени саласында да оң өзгерістер, атқарылып жатқан ауқымды шаруалар аз емес. Аймақта тұлғаға деген құрмет те ерекше.

Айталық, облыста ақын есімі берілген 1 аудан, 4 ауылдық округ, 4 елдімекен, 1 даңғыл мен 87 көше, 9 мектеп және 1 кітапхана, 1 Жамбылтану орталығы бар. Сондай-ақ, өңірде тұлғаның құрметіне барлығы 8 ескерткіш орнатылған.

Жақын күндері өңірде «Жамбыл менің жәй атым, Халық – менің шын атым» атты дәстүрлі республикалық ақындар айтысы өтеді. Сондай-ақ, Айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылады.

Дала данагөйінің дара жолы елдік мүддеге қызмет етіп жүрген әрбір адамға үлгі-өнеге. Жыр алыбының есімін кейінгі ұрпаққа лайықты түрде танытып, оның рухани өміршең мұрасын кеңінен насихаттау – бүгінгі біздің мерейлі міндетіміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.