Қалалық қоғамдық-саяси газет

70 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

0 713

Үндістанның Гуджарат штатында тұратын 70 жастағы Дживунбен Рабари алғаш рет ана атанды. Егде жасқа келіп қалған ерлі-зайыптылар көп жылдан бері бала сүйе алмай келген. Жұп бұл арманына заманауи технологиялардың арқасында биыл ғана жетіп отыр,-«Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің ешқандай құжаты жоқ. Өзінің айтуы бойынша, жасы 70-те. Күйеуімен 45 жыл отасқан. Балалы болуға қанша ниеттенгенімен, тек қартайған шақтарында ЭКО-ның көмегімен бұл мақсаттарына жетті.

Дәрігер Нареш Бханушалидің айтуынша, аурухана қызметкерлері оларға мұндай жаста балалы болудың қажеті жоқ екенін ескерткен. Алайда қариялар тыңдамаған.

«Туыстарымыздың ішінде де мұндай жағдай жиі кездеседі. Менің тәжірибемде ең сирек кездескен жағдай», – деп атап өтті дәрігер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.