Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көпке үлгі болған көпбалалы отбасы

0 1  467

Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды саяси науқан болып жатыр. Осыған орай, тараздықтар жалпыхалықтық референдумға үлес қосып, таңмен таласып таңдауларын жасауда.
Тараз қаласындағы № 56 референдум учаскесіндегі мемлекеттік әнұранмен басталған ауқымды науқанда Ғалымжан Абдиев пен Наздыкеш Аманжолқызы есімді көпбалалы ата-ана референдумға дауыс беруге келді.
Мәні бөлек маңызды күнге олар балаларында ерте келіпті. Жаңа Қазақстанға, жарқын болашаққа жетелейтін маңызды күн баршаңызға сәтті өтсін! Деген тілегін білдірген отағасы.
– Бүгін еліміз үшін саяси маңызы терең күн. Қазақстандықтар азаматтық құқықтарын пайдаланып, алдағы Конституцияға енетін өзгерістерге өз үлестерін қосуда. Біз балаларымызды осы жерге арнайы ертіп келдік. Ертең күні еліміздің тізгінін қолына ұстайтын осы құлындарым, елде өтіп жатқан тарихи сәттің куасы болып, көзімен көрсе дедік. Жалпы қазақстандықтар осы референдумда бір үйдің баласындай бірлікте жұмылып, алдағы болатын оң өзгерістерге атсалысады деп ойлаймын! – деді отағасы.
Жаңа Қазақстанға, жарқын болашаққа жетелейтін маңызды күн баршаңызға сәтті өтсін!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.