Қалалық қоғамдық-саяси газет

Референдумға жастар айрықша үн қосуда

0 1  729

Тараз қаласындағы №494 және 498 референдум учачкесінде тұрғындардың дауыс беруі қарқынды жүруде. Қазіргі таңда қос учаскеде де халықтың басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерген. Ал ең қуанарлығы ел тарихындағы маңызды саяси науқаннан аузы дуалы ақсақалдардан бастап, балаларын жетектеген ата-аналар да шет қалмауда.
– Дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7.00-де ашылды. Содан бері ағылып жатқан халықтың қарасы қалың. Сағат 11.00-ге дейін 454 бюллетень толтырылды. Учаскеде ең алғаш екі әжеміз дауыс берсе, сондай-ақ биыл 18 жасқа толып отырған жігіт өз таңдауын жасады. Негізі участек бойынша 2664 адам дауыс беруі керек. Халықтың дені сағат 10.00-ден кейін ағылып жатқандықтан қазір дауыс беру көрсеткіші сағаттап емес минуттап өзгеруде.
Тұрғындардың дауыс беру барысын «AMANAT» және жастар бірлестігінен адамдар бақылып отыр. Дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде, -дейді №498 участек төрағасы Серік Нышанов.
№494 референдум учаскесінің төрайымы Зәуре Әбдірасилова да халықтың 40 пайызы дауыс беріп үлгергенін айтады. Әсіресе олардың арасында жастар ерекше белсенді екен. Ең алғаш 18 жасар Айда Ғалымжанқызы келіп дауыс бергені де биылғы референдумге жастар айрықша үн қосып жатқанын аңғару қиын емес. Бұл әрине көңіл қуанттады.

Саян Тілеужан

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.