Қалалық қоғамдық-саяси газет

«300 мың теңге маған жетпеді»: Динара Сәтжан не себепті кәсіппен айналысқанын айтты

0 233

Белгілі қазақстандық тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан БАҚ өкілдерінің табыс табу тақырыбына қатысты пікір білдірді. Ол өзінің жалақысы жеткіліксіз екенін және бұл өз кәсібін ашуға себеп болғанын мойындады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

Динараның Instagram желісіндегі жанкүйерлері одан БАҚ өкілдері қанша ақша табатынын сұрады.

«Тек телевидениеде жұмыс істеген кезімде, 2010 жылға дейін жалақым 300 мың теңге болды, бірақ жетпегендіктен бизнеске кірістім. Содан кейін менің жеке брендім маған жақсы табыс әкеле бастады. Бірақ ештеңе жасамасаңыз,  бәрі тоқтайтыны белгілі, – деп түсіндірді тележүргізуші.

Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық пікірге мән бермеуді қалай үйренуге болатынын сұрады.

«Кез келген өшпенділік, ең алдымен, белгілі бір адамның ойы мен сезімдерінің көрінісі. Бес минуттан кейін ол сіз туралы ойламайды, бірақ ол сіздің бүкіл күніңізді улап кетуі мүмкін. Сондықтан, бұл адамдарға тек түсіністікпен қараңыз. Барлығына да. Оларда бәрі жаман, сондықтан олардан тек теріс пікір шығады», – деді Сәтжан өз ойын білдірді.

Динара жанкүйерлеріне ауқымды ойлауға кеңес берді.

«Сенің ақылың – ой фабрикасы. Сіздің ойыңыз бен өміріңіз соларға байланысты. Жеңімпаз сияқты ойлаңыз! Ойыңызды өзгертіңіз! Өзіңізге сеніңіз! Әрбір жетістіктің артында табысқа деген сенім жатыр!», – деп жазды ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.