Қалалық қоғамдық-саяси газет

300-дей қариясы бар. «Шаңырақтың» қарт тұрғыны 100 жасқа толды

0 1  080

Алматыдағы «Шаңырақ» әлеуметтік үйіндегі қарттардың ең үлкенінің жасы 100-ді шамалады. Бұл жерде дәл қазір 288 қария бар. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі ”Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеме мамандарының сөзінше, мұндағы қарттар жыл сайын артып келеді. «Шаңырақ» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Сымбат Набиева осынау көңіл толқытар үйдің тұрғындары туралы айтып берді.

– Бос уақыттарында қарттарымыз түрлі үйірмелер, қолөнер, кітапханаға барады. Сондай-ақ, біздің қарттар музыкалық жетекші, ән үйірмелерімен де айналысады,-деді «Шаңырақ» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ-нің әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Сымбат Набиева. 

– Осы 288 қарияның ішінде балалары, толық отбасы бар қарттар бар ма?

– Көбісінің балалары шет елдерде тұрады. Жұмыс барысымен уақытша кеткендері де бар.

– Осы қарттардың жағдайы қалай? Олардың потенциалын қоғам пайдалана алып отыр ма? Мемлекет тарапынан қарттарымызға қандай көмектер көрсетіліп жатыр?

– Мемлекет тарапынан қарттарымызга толықтай көмек көрсетіліп отыр. Тұруға ыңғайлы баспана, барлық жағдай жасалған, төсек орындары, мемлекеттен  берілетін дәрі-дәрмек, мүмкіндігі шектеулі қарттарға  санаторияға арнайы емдік демалыс та мемелекет тарапынан ұйымдастырылып жатыр.

– Осы 288 қарияның ішінде жасы үлкені кім?

– Анна Соколова есімді 100 жастағы қариямыз бар. Жағдайы жақсы.

– Ол кісінің күтімі қалай?

– Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, өзін-өзі қамтамасыз етеді, жақсы есте сақтау қабілетіне ие,-деді қызметкер.

Сымбат Набиеваның айтуынша, Анна Антоновна  Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда 17 жасында отбасымен бірге Жамбыл облысына көшірілген екен. Соғыс жыл арында еңбек майданының белсенді қатысушысы болды. Ол бухгалтер қызметінен зейнетке шыққан. Бүгінде мекеме тұрғыны жас кезінде ерен еңбегі үшін бірнеше рет үкіметтік наградалармен марапатталған.

Мамандардың сөзінше, қазір қарияның жағдайы тұрақты, медициналық тексерістен жиі өтіп тұрады. Анна Антоновнаға бекітілген стандартқа сәйкес қызметтердің барлық түрі көрсетіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.