Қалалық қоғамдық-саяси газет

25 тұрғын үйдің шатыры жаңаланды

0 576

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Тараз қаласында 57 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңға жеті мердігер 25 тұрғын үйдің инженерлік желілерін күрделі жөндеуден өткізіп, шатырларын жапқан.

Ал қалған төрт үйде шатырдың ағаш конструкцияларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Күн райының күрт өзгеріп, жауын-шашынның көбеюіне байланысты қала әкімінің тапсырмасына сай төбесі жабылмаған үйлердің шатырын жабу қолға алынды. Ағымдағы жылдың 8-10 қазан күндері «Мыңбұлақ» ықшамауданы №7, 8 «А» және №18 үйлер мен «Алатау» ықшамауданындағы №26 үйдің шатыры жабылып, ішке кірген су дер кезінде шығарылған. Ал уақытылы шатырын жаппай, төбелерінен су аққан пәтер иелерінен мердігер компаниялар кешірім сұрап, шығындарды өтеп беруге дайын екендерін айтуда.
Бұл, сөз жоқ, бұқара үшін жасалған игі іс.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.