Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы тағайындалды

0 770

Тараз қаласы әкімінің №308-ж/қ өкімімен Ордабаев Жандос Илиясбекұлы Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ордабаев Жандос Илиясбекұлы 1985 жылы 12 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы бакалаврі» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Тараз қаласы «СК» Южные ворота» ЖШС-інде есепші болып бастаған.
2009-2011 жылдары – Тараз қаласы «№85395 әскери бөлімі» ММ-де қаржы қызметінің есепшісі;
2012-2014 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ішкі бақылау қызметінде бас маман міндетін уақытша атқарушы;
2014-2015 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің бас маман міндетін уақытша атқарушы;
2014-2015 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маман міндетін уақытша атқарушы;
2015-2017 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы;
2017-2018 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы;
2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы;
2019-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы;
2020 жылы – Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары.
2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.