Қалалық қоғамдық-саяси газет

25 градусқа дейін аяз: қарашада ауа райы қандай болады?

0 189

Синоптиктер қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, қарашада республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, жауын-шашынның таралуы: Қазақстан Республикасының батыс жартысында нормадан аз, шығыста – норма шамасында.

«Қарашаның басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады деп күтіледі, республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ құбылыстарымен және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен бірге жүреді деп күтіледі, жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

«Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады, бұл жауын-шашынның батыс өңірлерде тоқтауына ықпал етеді, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13 градусқа дейін, күндіз -5+2 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2 градусқа дейін, күндіз 0,+8 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі», – делінген болжамда.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлердің бағандары түсуі мүмкін:

  • солтүстік жартысында түнде -17-25 градусқа дейін, күндіз -5-12 градусқа дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде -10-17 градусқа дейін, күндіз -3-10 градусқа дейін.

Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсетін жылы күндердің де болуы күтіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.