Қалалық қоғамдық-саяси газет

22 мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

0 262

Жамбыл облысында биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 22 861 оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

1 қыркүйектен бастап облыстағы барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 49 137 оқушыны жергілікті бюджеттен есебінен әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жоспарланған. Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге өткен жылы әр балаға 37 389 теңгеден қарастырылса, ағымдағы жылы 40 567 теңгеден бөлініп, ата аналардың жеке шоттарына аударылды.
Жамбыл облысында өткен жылы білім саласына 241,1 миллиард теңге қаржы қарастырылса, биыл 284,8 миллиард теңге қаражат бөлініп, 18 пайызға артқан. Бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады.
Бүгінгі күні аймақтағы 690 білім нысаны толығымен бейнебақылау камераларымен қамтылған.
Сонымен қатар, оқулықтарды сатып алуға ағымдағы жылы 3,1 миллиард теңге қаржы бөлініп, оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілуде.
Саладағы инфрақұрылымды жетілдіру өте маңызды десек, ағымдағы жылы 25 білім нысанының құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін тоғыз мектеп пен бес мектептің жапсарлас құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. 11 нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады.
Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің жетеуінің құрылысы осы жылы, бесеуі келер жылы басталмақ. Бұдан бөлек, биыл 17 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізу көзделген.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.