Қалалық қоғамдық-саяси газет

«20 мың террорист туралы мәлімет қайдан шықты?» – Президент жауабы

0 376

«Хабар» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 мың террорист туралы мәлімет қайдан шыққанын айтты, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біріншіден, Алматыдағы бандиттік акция бір сағат мерзімде ғана өтпеді ғой. Полиция департаменті ғимаратын қорғау екі түнге жалғасты. Осы уақыт бойы полицейлер бандиттерге тойтарыс берді», – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының айтуынша, бандиттер өздерінің саны жағынан басым болғандықтан, полицейлер мен әскери қызметшілерге қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл олардың саны өте көп болғанын көрсетіп отыр. Алматыға олар үш бағыттан жүріп, полицейлер қойған бекеттерді ысырып тастаған.

«Сондықтан бандиттер саны аз болғанын айтып, бұл жағдайды мысқылға айналдыру жөнсіз деп ойлаймын. Шын мәнінде олар толқын-толқынмен жүрді, оларға бұйрық беріліп отырғаны түсінікті жағдай», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.