Қалалық қоғамдық-саяси газет

14 секундта жеңімпаз атанды

0 279

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам жеңімпаз атанды.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0,20 КО) доминикандық Хулио де Хесусті (27-1,25 КО) бір соққымен нокаутқа жіберді. Жанкүйер қауым асыға күткен кездесу бар болғаны 14 секундта аяқталды. Негізі Қанаттың қарсыласы тым әлсіз емес еді. 28 жекпе-жек өткізіп, 27 мәрте жеңіске жеткен. Оның 25-ін нокаутпен аяқтаған боксшы. Бірақ қазақстандықтың күтпеген жерден жасаған соққысы бәрін шешіп кетті. Жекпе-жек бастала сала жасалған сұрапыл соққы Қанат Исламның шаршы алаңды қалай сағынғанын көрсетіп берді. Айта кетерлігі, бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA InterContinental белбеулерінің иегері болған Қанат Ислам жарақатына байланысты екі жылға жуық шаршы алаңға шықпады. Ол өткен жылы 23 маусым күні АҚШ-тың Атланта қаласында жекпе-жек өткізу керек болған. Алайда жаттығу барысында жарақат алып, шаршы алаңға шықпады. Ал соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (20-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Қазақ боксшысы бір-екі қуатты соққысымен қарсыласын жойқын нокаутқа жіберіп, айқасты алғашқы минутта-ақ аяқтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.