Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жанқош Тұраров та жеңіс сыйлады

0 444

Елорда күніне орай бас шаһарда бокс кеші өтті.

«Барыс аренада» өткен былғары қолғап шеберлерінің кешінде жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 34 рет жеңіс дәмін татқан аргентиналық Мауро Годоймен жұдырық түйістірді. Он раундқа созылған кездесудің үшінші раундында-ақ жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл жолы WBO Inter-Continental титулы сарапқа салынды. Үшінші раундта нокдаун алған аргентиналық боксшы осыдан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Тұраров WBO Inter-Continental чемпиондық белбеуіне ие болды. Бұл – 28 жастағы Жанқош Тұраровтың 24-ші жеңісі. Ол қарсыластарын 17 рет нокаутпен жеңген. Әлі бірде-бір рет жеңілмеген. Ал 29 жастағы Годой 34 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Бұл – оның бесінші жеңілісі. Естеріңізде болса, кәсіпқой бокста 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген Жанқош Тұраров маусым айында шаршы алаңға жеңіспен оралған болатын. Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Сондай-ақ бұл кеште өзге қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Атап айтқанда, Сұлтан Зәуірбек Грузиядан келген Георгий Гачечеладзені жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Әли Балоев бразилиялық Хэмилтон Вентураны алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен ұтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.