Қалалық қоғамдық-саяси газет

100 жастағы кейуана дауыс берді

0 162
Тараз қаласының тұрғыны, 100 жастағы Күлия Үсенова облыс орталығындағы №465 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.
Ғасыр жасаған кейуана барлық саяси науқандардан қалмай, белсенді түрде қатысып келеді екен. Ол соңғы 30 жылда болған сайлаудың барлығы есінде қалғанын жеткізді.
«Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен ертемен келіп, Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азамат, жастар бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Халқымыз аман болсын! Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!» – деді кейуана.
Сайлау учаскесі мүшелерінің айтуынша, әже әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерден қалмай, өз үлесін қосып келеді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.