Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштарының пайдасы мол

0 277

Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған. Бұл дегеніміз элек-трондық веб-портал арқылы алынатын қызметтерді алуды қамтамасыз ету. Бар болғаны электронды-сандық қолтаңба мен ғаламтор желісімен жұмыс істей білу қажет. Арнайы ашылған бұрышта жеке куәлікке жазылған электронды- сандық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерде «cardreader» (картридер) орнатылған. Қарапайым халыққа қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ешкімнің көмегінсіз санаулы минутта сапалы алуға үйрету де мұнда басты назарда.
Сонымен қатар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2019 жылдан бастап қалада 2 сервистік әкімдік «Оpen space» (ашық әкімдік,) форматында жұмыстарын атқарып келеді:
1) Жүнісалиев көшесі, №1 мекен- жайында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары және Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде.
2) Төле би даңғылы №57Б мекен- жайында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі және ауыл шаруашылығы бөлімдерінде өз қызметтерін көрсетіп келеді. Сервистік әкімдіктердің басты мақсаты – мемлекеттік органдарының тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру және кедергісіз орта қалыптастыру. Тұрғындар мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін бір жерде «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады, ал органдар басшылары халықпен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар.
Сондай ақ электрондық үкімет порталы арқылы алынатын қызметтер түрлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз қаласы әкімдігімен бірлесе азаматтардың мемлекеттік қызметтерді толыққанды алуын қамтамасыз ету мақсатында 2 «SMART орталығы» қызмет көрсетеді («Астана» (12) шағын ауданы №31, «Құмшағал» шағын ауданы). Бұл өз кезегінде, қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн режимінде пайдалануға қолжетімділік береді. «SMART орталықтарында» мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде алу жолдарын көрсететін кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлермен қамтамасыз етілгенін хабарлаймыз.

Ж.Әбдықадыр,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.