Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өзімді кешіре алмаймын»: Танымал әнші неге құмар ойынды жарнамалап жүргенін айтты

0 228

Әнші, гитарист Ақсұңқар ақша үшін онлайн ойынхананы жарнамалап жүргенін мойындады. Ол бұл қылығы үшін өзін кешіре алмайды екен. Айтуынша, үйдің жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы керек болғандықтан, амалсыздан осындай қадамға барып отыр. Бұл туралы Ақсұңқар НТК арнасының TABOO бағдарламасында айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсұңқарды жұрт көбінесе танымал әншілердің немесе блогерлердің жанынан көреді. Музыкант болашақта жеке шығуды жоспарлап жүр. Тек оған да жөндеу жұмыстары қолбайлау болып отыр екен. “Қалай үйді бітірсем, ақшаны өзіме саламын”, – дейді өзі.

Бүгінде Ақсұңқар жұбайы Арай Әбілсейітпен бірге жабық кештерде өнер көрсетіп, нәпақасын тауып жүр.

«Бір барғанда 700-800 мың теңге береді», – дейді ол.

Одан бөлек, Ақсұңқар Instagram-нан жақсы табыс табатынын жасырмайды. Тек бұл ақша ұятты жолмен келіп жатқан көрінеді.

«Жасамас едім, бірақ онлайн казиноға жарнама жасап жүрмін. Елден сөз естимін. Ол нәрсе үшін өзімді кешіре алмаймын. Уақытша ғой. Қазір амал жоқ», – дейді музыкант.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.