Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өзімде жоқ жылулықты бере алмадым»: Тұрсынбаева балаларына жантебірентерлік жазба арнады

0 1  515

Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен қызына жантебірентерлік жазба арнап, оқырмандарын тәнті етті, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтыскер ақын балаларының көп қиындық көргенін, ол үшін анасына еш ренжімегенін меңзеген. Сондай-ақ, перзенттеріне өзінде жоқ жылулықты бере алмағанын атап өткен. Тұрсынбаеваның жанұялық сырды ашуы бекер емес. Ақынның қызы бүгін туған күнін тойласа, ұлының жеке мерекесін бір аптадан кейін атап өтпек.

«30 желтоксан қара қызым дүниеге келсе 8-ші қаңтар дара ұлым дүниеге келген болатын. Менің қос қанатыма дұға тілеп қойыңыздар. Боталарым, екі дүниеде абыройлы болыңдар. Сендер жас болсаңдар да, жүректеріңе біраз салмақ түсті. Қандай қиын күндерде шырылдаған торғайдай екі жағымда жүрдіңдер. Өзімде жоқ жылулықты сендерге бере алмадым, соның бәріне түсіністікпен қарап, осы уақытқа дейін бір ренжіп көрмедіңдер. Аллахыма сансыз шүкірлер айттым. Иман байлығын тіледім жандарым», – деп жазба қалдырды Тұрсынбаева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.