Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жыр жүйрігі –Жұматай

0 327

Халықаралық жастар күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Jastar» дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жыр жауһары» атты облыстық поэтикалық дуэлі өткізілді.

Шараның ашылуында сөз алған басқарма басшысы Жомарт Зұлпыхар ізгі тілегін жолдап, ақындарға сәттілік тіледі.
Байқаудың бірінші кезеңінде 16 ақын өзара жұптасып, өлеңдерін паш етті. Қазылар алқасының сұрыптауымен екінші айналымға 8 ақын өтіп, көрерменді поэзияның мөлдір бұлағынан сусындатты.
Осылайша облыстық «Анаға тағзым» орталығының директоры, Ақпарат саласының үздігі Эльмира Мырза-Ғали, ақын, облыстық «AQ JOL» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман, ақын, облыстық «AQ JOL» газетінің тілшісі, «Жүрек өрті» кітабының авторы Нұржан Қадірәліден жасақталған қазылар алқасының ұйғарымымен 4 жыр жүйрігі жүлделі орындарға қол жеткізді. Олардың қатарында әріптесіміз, «Jambyl-Taraz» газетінің тілшісі Жұматай Көксубайұлы да бар. Нақтырақ тоқталсақ, байқау қорытындысы бойынша Әлімжан Шөңгербай 1-орынды, Ғайникен Маралтайқызы 2-орынды олжаласа, Сымбат Сұлтан мен Жұматай Көксубай 3-орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ Ғалия Абылай «Үздік лирик», Дархан Өмірбеков «Үздік поэзия», Берекет Қосбергенов «Үздік тармақ», Әділет Құттыбай «Көрермен көзайымы» номинацияларымен марапатталды.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.