Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жыр-шашу

0 274

Мағжаным – марғасқам!

Түн түрілді, далада күн құбылды,
Бірлік кетті, едіқ қой ел тұғырлы.
Елдің есін тайдырған азаматтар,
Тек қазақтар қос-қостап жымқырылды.

Қанды қазақ қаһары кетпес естен,
Аз болғанмен санастық қалмай көштен.
Мықтылықтың мылтығы болған жандар,
38-дің қаһары алды-ау төстен.

Қос ғылымды қатарынан қазық еткен,
Оның жолы – тарих басып өткен.
Сөйте жүріп Отаннан қылмай шабыс,
Тапталса да түрмеде тозып өткен.

Жерде – желсің, Мағжаным, көкте – бұлтсың,
Жетегіңнен ереді таза ұлт шын.
Дәлелдеп қазағымның қайсарлығын,
«Қорқақ» деген атақтың көзін құрттың.

Мағжаным, майталманым, марғасқамсың,
Күтеді бізді әлі алда асқар шың
Керектістін сарқыдың жастарыңа
Мен оны мәңгілікке қорғаштармын!

Данабек МҰРАТОВ,
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «ҚТ 21/1» тобының студенті


Абай рухына

Маңдайына қазақтың
Бақ боп біткен ұлы Абай.
Ғасырларға жалғасар
Тіккен туы құламай.

Салған білім даңғылын
Кірпіш қалап бұл Абай.
Дүниенің кетігін
Тап деді ме сұрамай.

Ғылым-білім ізденсең,
Алдан шығар тағы Абай.
Қалың елі, қазағын
Жүрсін дейді, жыламай.

Мыңмен жалғыз алысып
Тартқан жолмен тура Абай.
Заманынан ерте озған
Дүлдүлдейін құла Абай.

Мыңжылдықта есімі
Өшпес, өшпес ұлы Абай.
Қара сөзде қазақта
Дес бермеген бұл Абай!

Шыңғыс таудың шыңына
Туын тіккен данадай.
Мәуе шашқан жемісің
Тұрар мәңгі қурамай!

Сөз саптасы тым ерек
Тыңнан түрен салды Абай.
Қалың елі – қазағы
Жүрер жолын саралай.

Хакімдікке дана боп
Білімменен жеткен ол.
Ұрпағына жөн сілтеп
Нұсқады ғой…

Нұржамал ҮКІБАЙ,
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз
инновациялық институтының
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті


Алтын ұям

ТарМУ – болашақтың бастауы,
Тұғырыңнан талай қыран самғады,
Білім іздеп келген талай жастардың,
Орындалды алға қойған арманы.

Қабырғаңда қалды ғой талай күндер,
Ұстаздың ақ еңбегін балаң білер.
Қалды мәңгілікке естелік боп,
Өзіңнің құшағыңда өткен күндер.

Достарыммен бөліскен күндер мен түн,
Ойға салған, сырлы, әсем бір күмбір күн.
ТарМУ-ым бақытыма себеп болған,
Жүрегімнің тулаған жалынсың.

Фархат ҚАУМЕН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Веб-журналистика» мамандығының
4-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.