Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылжымалы кешен ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде

0 235

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, денсаулығын нығайту мақсатында жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетуде.

Бүгінде аталған кешеннің бірі Сарысу ауданында жұмыс істейді. Бұл жай ғана автобус емес, құдды көшпелі емхана секілді. Ауылдағы ағайынға медициналық көмек беру үшін Үкімет пен Денсаулық сақтау және Индустрия, инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірлескен жобасы негізінде қолға алынған кешен барлық қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Ішінде 7 түрлі қызмет көрсететін кабинеттер бар. Кешен ультрадыбыстық зерттеу аппараты, зерттеулерге арналған анализаторлар мен глюкометр, афтальмаскоп, рентгенмен жабдықталған. Бұлардың барлығы халықтың дер кезінде ағзасындағы індетті анықтауларына оңтайлы. Сондай-ақ диагностикалық кешеннің ерекшелігі жарық болмай қалған жағдайдың өзінде генератор аппараты арқылы жұмыс істей береді екен.

Осы жылжымалы медицина арқасында ең шалғай елді мекендердің тұрғындары кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, сонымен қатар дәрігерлерден кеңес және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар ала алады.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарына облыстық стоматологиялық кешен де қызмет көрсетуде. Жылжымалы тіс емдейтін кабинет те стоматологиялық блоктармен, рентген аппаратымен стоматологиялық құрылғылармен, соңғы үлгідегі материалдармен жабдықталған. Кабинетте 1 дәрігер-стоматолог және 1 медбике жұмыс істейді екен. Әр жыл сайын кесте бойынша жұмыс жоспары Денсаулық сақтау басқармасымен бекітіледі.

Ауданға шыққанда дәрігер-стоматолог келген әр балаға алғашқы кеңес және емдеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кешеннің міндеттеріне профилактикалық, санитарлық-ағарту компоненттерін қоса алғанда, медициналық көмектің сапасын міндетті түрде жақсартатын балаларға стоматологиялық қабылдаудың қолжетімділігін арттыру жатады.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.