Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылу желілерін жаңғырту – жауапты жұмыс

0 962

Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырымды, тозу деңгейі 55,5%-ды құрап отыр. Ағымдағы жылы 7,1 млрд. теңгеге 2025 жылы аяқталатын Тараз қаласындағы М-1 магистральдық жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Тозу деңгейі жыл соңына 54%-ға дейін төмендейді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жыл соңына дейін Қаратау және Жаңатас қаласындағы орталық қазандықтарды қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда, нәтижесінде соңғысы мазут отынынан табиғи газға ауыспақ

– 2025 жылы Қаратау қаласындағы орталық қазандықтың мазут нысанын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландыру қолдау тапса жылу желілерін, Тараз қаласындағы М-3 жылу магистралін және Шу қаласында 4 жобаны қайта құруды бастау жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру тозу деңгейін 51,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы автожол саласын дамытуға 25,2 млрд. теңге бөлінді. 1 көпір мен 16,5 шқ көше жолдарын салу, 3,0 шқ қайта жаңарту және 655 км жолды орташа жөндеу бойынша 339 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 99%-ға, көше жолдары желісін 87%-ға жеткізу жоспарлануда, – деді Е.Қарашөкеев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.