Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылу желілерін жаңғырту – жауапты жұмыс

0 147

Соңғы бірер жылдың бедерінде қыс айларында еліміздің солтүстік аймақтарында орын алған апаттары жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын жедел қолға алу керектігін айқын аңғартты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясының барысында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көне шаардағы аталған бағытта жүріп жатқан жұмыстар жайын тілге тиек етті.

– 2023 жылы «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелерінің бойындағы «М-1» жылу магистралін қайта жаңғырту» жобасы әзірленген болатын. Жалпы жылу желісінің ұзындығы 6,1 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылға аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында қазынадан қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары 19 сәуірде басталды. Бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес, құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың бірінші қазанына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал Тараз қаласының Жамбыл даңғылы, Д.Қонаев, С.Сейфуллин көшелері бойындағы «М-3» жылу магистралін қайта жаңарту» жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім ұсынылды, – деді шаһар басшысы.

Жалпы тозығы жеткен ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 10 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім берілген. Аталған жобалардың жоспарланған мерзімде әрі сапалы орындалу облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тікелей бақылауында тұр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.