Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 1,6 миллион адам келген – Көші-қон қызметі

0 1  074

Қазақстанға шетелдіктердің жаппай келуіне байланысты Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитеті мәлімдеме жасады. Ұсынылған мәліметке сәйкес, жыл басынан Қазақстанға Ресейден 1 660 000 адам кірсе, 1 640 000 адам шыққан. Ведомство өкілі қазіргі таңда шетелдіктердің еліміздің аумағына кіруі бақылауда екенін қосып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көші-қон қызметі комитеті басшысының міндетін атқарушы Аслан Аталықов шетелдіктердің Қазақстан аумағына келуі заңдық негізде реттелетінін айтты.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін Қазақстан Республикасында болудың рұқсат етілген мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап, ортақ ереже бойынша 90 күннен кейін аяқталады.», – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар жыл басынан бері елге 4,3 миллион шетелдік келсе, оның 4,2 миллионы ел аумағынан шыққан.

«Соның ішінде Ресей Федерациясының 1 660 000 азаматы келсе, 1 640 000 елден шықты. Көші-қон процестеріне мониторинг жүргізілуде. Ішкі істер органдары келушілердің белгіленген болу ережелерінің сақталуын бақылауда.», – деді Аслан Аталықов.

Шетелдіктер Қазақстанда болу тәртібін бұзса, тиісті шаралар қабылданады. Көші-қон қызметінің мәліметінше, мұндай азаматтар мәжбүрлеп шығару және 5 жыл мерзімге елімізге қайта кіруге тыйым салу түріндегі қосымша санкция қарастырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.