Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалының жолдары жөнделіп, көшелері жарықтандырылуда

0 283

Бүгінде жуалылықтардың өмip сүpу сапасы мен әл-ауқатын жақсаpту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – аудандағы Жетітөбе ауылдық округінде қазіргі таңда Кәріқорған және Қоңыртөбе ауылдары ішіндегі жолдар жөнделуде. Атап айтар болсақ, Кәріқорған ауылы Қ.Омарбеков және М.Үсіпбеков көшелеріне жол салынды. Сонымен қатар Қоңыртөбе ауылы Ә.Құттыбаев, Б.Баратұлы және Ғ.Досаев көшелерінің жолдары жөндеуден өткізілуде.

Бұдан бөлек, жылу, көгілдір отын, жолдан да маңызды саналатын түнгі жарықтарды орнату бойынша ілкімді істер қолға алынуда. Айталық, көше жарық шамдарының жанып тұруын қадағалау және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында Жетітөбе ауылдық округіндегі ауылдарда жарықтандыру жүйесіндегі орын алған ақаулар бойынша қызмет көрсетуші «Жуалы су» мекемесі көше жарық шамдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.