Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалыда лизинг арқылы 134 жаңа техника алынды

0 449
Жуалы ауданында ауылшаруашылығы саласын өркендетуге көңіл бөлініп, шаруалар мен кәсіпкерлерге кәсібін дөңгелетуге қолайлы жағдайлар жасалуда.
Саланы тиімді дамыту үшін бірінші кезекте техника мәселесі дұрыс шешілуі керек. Жалпы, ауданда ауылшаруашылығы техникалары 1 596 дананы құрайды. Жыл басында лизинг арқылы 160 техника алу жоспарланған.
Қазіргі таңда осы тәсілмен 134 техника салынып алынып, игілікке пайдаланылуда. Жылдың соңына дейін қалған бұл көрсеткіш 26 жаңа техникамен толықтырылады. Оның 4еуі трактор болса, 22-сі тіркеме мен басқа да техникалар. Келер жылы да 160 техника алу жоспарда бар.
Сонымен қатар 2022 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік жерлерін дайындау барысында күз айларында 48 717 гектар сүдігер көтерді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1207 гектарға артық орындалып отыр. Сүдігер көтеру ылғал сақтауда, өсімдік зиянкестерімен күресте және дақылдардың өнімділігін арттыруда әсері мол.
Сонынмен қатар келесі жылдың өнімі үшін 9 700 гектар жерге күздік бидай дақылы егілді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.