Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, білікті бапкер Көпбосын Сыдығалиевтің құрметіне бапкердің өзі туып-өскен әрі алғашқы еңбек жолының бастауы болған Жаңаталап ауылындағы №26 Жаңаталап орта мектебінің қабырғасынан Көпбосын Сыдығалиев атындағы бокс залы ашылды, – деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Аталған шараға білікті бапкердің отбасы мүшелері және аға-жеңгелері мен әпке, іні-бауырлары, жалпы спорттағы үзеңгілес достары мен шәкірттері жиналды. Аталған бокс залын жабдықтауға ауыл азаматтарымен бірге, досы Сейсен Айхожаев пен оның ұлы Ұлан Сейсенұлы демеушілік жасағды.