Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалыда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 10 көше жөнделді

0 130

  Жуалы ауданында биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 234​ 816,2 мың теңгеге ұзындығы 13,153 шақырымды құрайтын 10 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен​ 144​ 070 мың теңге бөлініп, 3,9 шақырымдық 4 көше жөнделді. Ең бастысы, ел ішінде «Тесік көпір» аталып кеткен аймақта орналасқан Рысбек батыр көшесіне де жаңа асфальт жабындысы төселіп, жол жиегі кеңейтілді. Келесі жылы осындағы темір жол өткелін кеңейту жұмыстары жоспарлануда,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ауданда ауыз су мәселесіде өз шешімін табуда. Жаз маусымы бастылысымен сусыз қалатын Көлбастау және Қайрат ауылдарының тұрғындарына ауылдың жоғарғы жағынан тереңдігі 150 метрді құрайтын 2 бірдей ұңғыма қазылды. Қайрат ауылынан қазылған ұңғыма арқылы ауыл тұрғындарына қосымша су беріліп, ауыз су қысымы жоғарылады. Ал Көлбастау ауылынан қазылған су ұңғымасы арқылы аталған ауылмен қатар, Б.Момышұлы ауылдық округіне қарасты Қонаев, Жамбыл, Тәуелсіздік, Бәйдібек батыр, Қойгелді батыр, Ш.Қалдаяқов, Желтоқсан, 8-наурыз, Ынтымақ, Боранды көшелеріне қосымша ауыз су берілді.

Сонымен қатар, Б.Момышұлы ауылының Мұнайшы, Похомов, Мұханов көшелеріне ауызсу құбыры тартылса, Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылы мен Ақсай ауылдық округіне қарасты Диқан ауылына және Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылының Ә.Рысбек, Қ.Рысқұлбеков көшелеріндегі ауыз су құбырларына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.