Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалыда асарлатып салынған жетінші үй берілді

0 182

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аудан көлемінде қарқынды жүзеге асырылуда. Биылғы жылы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 14 үй беру жоспарланған. Қазірге дейін 7 отбасыға үй берілген , жыл аяғына дейін тағы 7 баспананың кілті табысталады деп күтілуде.

Осы жоба аясында Жетітөбе ауылдық округі Тасбастау ауылында бүгінгі күні тағы бір баспананың кілті табысталды. Жалғызбасты ана Лидия Царская жаңа үйде жаңа жылды қарсы алатын болды.

Толық емес отбасына жататын тұрғынға үй салып беру үшін ауыл тұрғындары бірқатар көмек көрсетіпті. Бұл қуанышқа ауыл ағайындары, жеке кәсіпкерлер тегіс жиналып, жаңа үйдің иелерін құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып, тәттіден шашу шашты.

Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Рәтбек Көсембаевтың сөзінше, ауыл тұрғындары төрт айдың ішінде керекті қаржыны жинақтап, «Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» жұмылып үйдің құрылысын жүргізген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.