Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоспар бар, жұмыс нәтижесі қандай?

0 274

Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесте жыл басынан бері іске асырылған жұмыстардың нәтижесі айтылды.

Арайлым ШАБДЕНОВА

Жиынды қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай жүргізді. Күн тәртібіне шығарылған «Жастар арасында ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Тараз қаласында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы» алғашқы тақырып бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Абзал Есіркепов баяндама жасады.
– Статистикалық мәліметтер бойынша Тараз қаласының жалпы тұрғындар саны 355 825 мың адамды құраса, оның 77 976-сы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар, яғни халық санының 21,9 пайызын құрап отыр. Орталықтың жалпы жұмысы жыл сайынғы облыс және қала әкімдері деңгейінде нысаналы индикаторларын орындау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту, оларға түрлі бағыттар бойынша кеңес беру, ішкі істер қызметкерлерімен бірлесе құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында әлеуметтік осал топтағы жастармен жұмыс жүргізу, Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жұмыссыз жастарды «Жасыл ел» еңбек жасақтары арқылы мерзімді жұмысқа тарту, «Туған жер» бағдарламасы аясында және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнайы жобаларды іске асыру, аумақтарда орналасқан 4 аула клубы арқылы тағы басқа да бағыттарда іске асырылуда. Алайда бүгін әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өмірінде маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Діни ахуалдың тұрақтандырылуын ескере келе биылғы жылы конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайтын тұрғындар үлесін 90 пайызға жеткізу мақсатында қала әкімінің өкімімен 7 қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы қайта құрылып, іс-шаралар жоспары бекітіліп, топ мүшелерімен ішкі саясат бөлімінің бастауымен облыс және қала теологтарының қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Әр топ құрамына теолог, дінтанушы маманы енгізіліп, қаңтар-маусым айлары аралығында қала бойынша 47 ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп, оларға 4000-ға жуық қала тұрғыны тартылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары білім беру, денсаулық сақтау, спорт, шағын және орта бизнес салалары мен шет аумақтың тұрғындары арасында өткізілуде. Қаламыздағы 3 жоғары, 15 арнаулы орта оқу орындары мен 23 орта мектепте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында діни қағидалар бойынша неке қию рәсімі неке туралы заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарда тіркелгеннен кейін ғана жүргізілуі тиіс екендігі кеңінен түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар «сенім телефоны» қызметі берілді, – деді Абзал Есенұлы.
Сонымен қатар кеңесте «Орта білім беру ұйымдарында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы» хабарламаны қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Дария Тоғатаева жасады. Ол мектептерде аталмыш тақырыпта атқарылып жатқан жұмыстар легін сөз етіп, мектеп оқушылары мен орта білім беретін мекемелердегі діни ахуалдың жай-күйін ортаға салды. Жиында комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақ қойып, бірқатар ұсыныстар айтты. Соның бірі мектеп оқушыларының мешітке ата-анасыз бармауын қадағалау, әлеуметтік желіде отыратын жастардың санын біліп, оның қанша пайызы діни сайттарды қарайтындығын анықтау керектігі де сөз болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.