Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолшылар техникалық базаны және республикалық жолдарды күтіп ұстау шараларын күшейтті

0 325

Күн сайын республикалық маңызы бар жолдарда қардан тазарту, жол төсемін көктайғаққа қарсы материалмен 700 бірлік көлемінде мамандандырылған қысқы техникамен, сондай-ақ 2 мыңнан астам қызметкермен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл автомобиль жолдарын сапалы күтіп ұстау мақсатында 10 бірлік мөлшерінде аспалы жабдығы бар аралас жол машиналары (жол төсемін тазалауға арналған щетка, қоршауды жууға арналған аспалы щетка, қарды тазалауға арналған қалақша, көктайғаққа қарсы материалды құм таратқыш, сондай-ақ суару-жуу жабдығы) арнайы техника сатып алынды. Бұл техниканы қыста жолдарды қардан тазарту үшін, ал жазда суару жабдықтары ретінде пайдалануға болады.

Жыл басынан бері ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінуді шектеу) жол қозғалысына 361 рет шектеу енгізілгенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, қысқы кезеңнің басында жол қызметкерлері жолдарда қиын жағдайға тап болған пайдаланушыларды құтқару және көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда құтқарылған пайдаланушылар саны 8 мыңнан асады. Оның ішінде 278 бала.

Оның ішінде жолдарды кеңейту, жол жиектерінен қар үйінділерін түсіру, жұмыстары жүргізілуде. Қысқы маусымға 68 мың текше құм, 46 мың текше метр отсев, сондай-ақ 2 мың тоннаға жуық химиялық реагент дайындалып, белсенді пайдаланылуда. Бұдан басқа, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінде тайғақ жол туралы ескертетін және ең жоғары жылдамдықты шектейтін 4 мыңнан астам уақытша жол белгілері орнатылды. Жолшылардың жалпы күш-жігерімен автомобиль жолдарының қарлы учаскелері алдын ала анықталды және шаралар қабылдау үшін ұзындығы 45 мың метр қарлы қалқандар орнатылды, оның ішінде қар траншеялары мен қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.