Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдаудың өзегі – экономика

0 1  157

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның (ERI) сарап­шылары онлайн форматта Zoom бейнеконференциясы арқылы Президент Жолдауын талқы­лады. Мамандар Мемлекет бас­шысының қойып отырған мін­деттерінің экономикалық және әлеуметтік аспектілерін өзекті тақырып етіп алды.

«Экономикалық зерттеулер инсти­туты» АҚ төрағасының орынбасары Ба­уыржан Мұқан модератор болған онлайн жиын өте мазмұнды өтті. Өз саласының білікті мамандары Жолдау жүк­теген мін­деттердің маңызы мен нәтижесі туралы пікірлерін біл­діріп, сараптамалық тұжы­рым­дарын ортаға салды. Күн тәрті­бінде экономиканы дамыту, биз­нес, жасыл эко­номика, өңірлік саясат және әлеуметтік аспектілер тақырыптары қаралды. Соның алғашқысы бойынша сөз сөйлеген спи­керлердің бірі ERI Орталы­ғы­ның ди­ректоры Куаныш Бейсен­ғазин Прези­дент­тің бюд­жеттік ережелер дайындау ұсы­нысын толықтай қолдайтынын білдірді.

«Ұлттық қордың шығындарын шектеп, жаңадан бюджеттік ере­желер жасап шы­ғару үшін жыл со­ңына дейін қажетті заң­на­ма­ларды енгізу туралы ұсынысты орын­ды деп ойлаймын. Бұған де­йін де бізде мұндай тәжірибе болған. Осы уақытқа дейін бюджеттік ереженің 13 жүйесі жұмыс істе­ді. Енді бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыра түсу үшін Президент айт­қандай нақты да түсінікті контрциклдік ережелер болуы тиіс. Бұл – дұрыс шешім. Біз сонда ғана бюджеттің тең теңгеріміне қол жеткізе аламыз. Оның қазір талқылана бастаған бір нұсқасы, ол – құрылымдық теңгерім. Бұл жерде Ұлттық қор­дан алы­натын кепілдендірілген трансферттерді жос­парлау мұнай секторындағы ұйымдар­дан сол кезеңдегі мұнай бағасына сәйкес Ұлттық қорға түсетін ақшаның болжамды көлемінен аспайтын болады. Ондағы бағаны Үкімет пен Ұлттық банк бірігіп анықтай­ды. Мұндай контрциклдік ереже Ұлттық қорға мұнай бағасы жоға­ры кезде көбірек қаражат жинақ­тауға, ал мұнай бағасы төмендеген кезде бюджеттің тең­герімін ұстап тұру үшін кепілді түрде бөлінетін трансферттердің көлемін арты­руға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Сарапшының айтуынша, бюд­жет теңгерімінің мақсатты көрсеткіштері ортамерзімді перс­пективаларға жұмса­латын шы­ғындардың міндетті түрдегі шек­тік мәнін белгілеу жолымен жү­зеге асырылатын болады. Шы­ғындардың ме­желік мәні Ұлттық қордан алынатын транс­ферттерді қысқартудың және мем­лекеттік қарызды қауіпсіз деңгейде ұстап тұрудың алдын ала жолдарын айқын көрсетіп тұруы тиіс. Бұл тұста шынайы макроэкономи­калық болжамдар мен сәйкес кезеңдегі кірістердің болжамдары да ескерілуі керек. Сол себептен де мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын және Ұлттық қорды басқарудың ережелер жинағы қажет. Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Ұлттық банк жыл со­ңына дейін Мемлекет қар­жысын басқару тұжырымдама­сын әзірлейтін болады.

2020-2021 жылдардағы инфля­ция ди­на­микасы қандай болды? Бағаны ұстап тұру үшін қандай шара қабылданып, қан­дай жоспар жасалд?  ERI Орталығы ди­рек­торының орынбасары Ернар Се­рік осы тақырып төңірегінде Жол­дауда айтылған жайттарды түсінікті етіп талдап берді.

«Мемлекет басшысы панде­мия­ның сал­дарынан туған күрделі жағдайдан шы­ғудың монетарлы да, монетарлы емес те жолдарын ұсынып отыр. Монетарлы жо­лы – жергілікті жерлердегі микро­қаржы ұйымдарының потенциа­лын пайдалану және «қаты­рыл­ған» активтерді эконо­ми­калық айналымға қосу. Монетарлы емес жолы – республика бойынша Көтерме-бөлшек сауда орталық­тарын (КБСО) салу және оған ұсақ ауылшаруашылық кәсіп­орындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бұл нарықты монополи­за­циялауға жол бермеу. 2020 жылы елімізде инфляция 7,5%-ды құрады, Ұлт­тық банк­тің таргет жасауымен ол 4-6% арасында болды. Тамыз айы­на есептегенде 8,7%, со­ның ішінде инфляцияның ең қатты се­зіл­ген жері – азық-түлік инфля­циясы – 11,4%. Ал жоғары инфля­цияның халықтың сатып алу қа­білетін төмендетіп, кірісін арт­тыру бағытында атқарылып жат­қан жұмыстарды, ал  бағаның өсуі экономи­каны көтерудегі шара­ларды жоққа шыға­ратынын бі­лесіздер. Президент қабылдап отырған мұндай батыл шаралар осы мәселенің шешімін табуға көмектесетін болады», – дейді ол.

Президент жария еткен шара­лардың ішінде экономистерді қуантқан қадамның бірі – ми­нималды еңбекақы көлемінің кө­бейтілгені. Бұған дейін 42 500 теңге бол­ған бұл сома, енді 60 мың теңге болмақ. Яғни, үштен біріне артпақ. Одан басқа, ма­мандар дағдарысқа қарсы шараларды сөз етіп, оның макроэкономикалық көрсет­кіш­терге қалай әсер етуі мүмкін екенін ERI Орта­лығының жетекші сарапшысы Ерділдә Таутенов сараптап берсе, бизнес тақырыбын қозғаған келесі топ АӨК да­мыту, геология және өнеркәсіп, креативті индустрия мәселелерін сөз етті. Мұнда ERI Орталы­ғының директорлары Әзиза Қасенова, Баян Әбді­рах­манова, жетекші сарапшысы Дарина Кеңес сөз сөйледі. Ал одан кейінгі жасыл экономика бөлімінде көміртекті салық, жа­сыл сутегі мәселесі ай­тылды. Екі сағатқа созылған жиынға БАҚ өкілдерін қосқанда 40-қа жуық адам қатысты.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.