Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдаудың стратегиялық сипаты ерекше

0 662

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ел өміріндегі маңызды оқиға болды.Қазіргі күрделі жағдайға байланысты санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып,біздер ардагерлер Жолдауды үлкен ықыласпен тыңдадық.

Жолдауда жаңа қарқынды даму бағытын ұстанған еліміздің мүлдем тың даму жолына түскендігі баса  көрсетілген. Мемлекет  басшысы Жолдауының стратегиялық сипаты ерекше. Бұл құжат арқылы  Қазақстан дамуының қазіргі жаңа тарихы кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың мәселелерін шешуге мүмкіндік ашылып отыр. Бұл  Жолдауды еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеп, саралап,терең талдау жасап, оны жүзеге асыру мақсатында нақты міндеттер белгіленген тарихи маңызы бар құжат деуге болады. Сонымен қатар халықты толғандырған ең келелі деген түйінді мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Қорыта айтқанда,Республика Президенті халықтың тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін сенімді түрде дәлелдеп берді.

Қала ардагерлері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын бірауыздан қолдайтындығын және одан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға өздерінің бай тәжірибелерімен,ақыл-кеңестерімен лайықты үлес қоса беретін болады.

Алдаберді Махашев,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.