Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды

0 130

«AMANAT» партиясы «Арайстроймаркет» бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылау бойынша арнайы жиын өтті.

Басқосуға  «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Атқарушысы хатшысы Ермұхамед Жұмабек, Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің директоры, бастауыш партия ұйымының белсенді мүшесі Жанна Оңғарбаева, «АрайСторймаркет-2003» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Сағынбек Оразалыұлы,  білім, ғылым саласы қызметкерлері, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және бұқаралық ақпарт құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында құнды құжаттың басты бағыттары жан-жақты түсіндірілді.

– Жолдаудың басым бағыттары экономикаға арналғанымен, барлық экономикалық іс-шаралардың нәтижесі халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайына жақсартуға  тікелей  бағытталған.  Осы орайда, өткен Жолдауда халықтың тұрмыс сапасына әсер еткен кейбір тұстарды айта кететін болсақ, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті. Медицина қызметкерлерінің айлығы да айтарлықтай көбейді. Олардың табысы қазір елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Мұның арқасында 1 млн-ға тарта азамат, соның ішінде дәрігерлер мен мұғалімдер де баспаналы болды. Жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтерінің де жалақысы  30 пайызға өсіп отыр.  Сонымен қатар, барлық білім мекемелерінде  бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы –  басты назарда. Сондай-ақ биылдан бастап «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400 жуық мектеп салынады, –  деді Жанна Бүркітбайқызы.

Бұдан бөлек өзге де қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.

                                                                                                Әмина МҰСА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.