Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдауды кешендіктер қолдауда

0 1  507

Бүгін Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиев пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауына байланысты «Қаратау»тау-кен өңдеу кешенінде болды.

Онда кешен қызметкер-жұмысшыларымен кездесті.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды.

Ал, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы баяндама жасады.

Баяндама барысында Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалуы мен міндеттері, бағыттарына тоқталды.

Сондай-ақ, Жолдауда айтылған әрбір тапсырма бойынша атқарылатын жұмыстардың барысы мен жаңа жобаларын таныстырды.

«Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауынан әр қазақстандық жақсы жаңалықтар, үлкен үміт күтетіні сөзсіз.

Осы орайда кешен қызметкерлері Мұратқали Сәрсенов пен Динара Асановалар сөз сөйлеп, Жолдау аясында сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді.

Президентіміздің қазақстандықтарға жолдаған биылғы Жолдауы жақсы жаңалықтармен толығып, жаңа мақсаттар мен міндеттеріне кешендіктер де қызу қолдау білдірді.

Расында Мемлекет басшысы білім мен медицина саласына, елдің экономикасы мен экологиясына айрықша мән берді.

Жастарға қолжетімді сапалы білім беруіне, денсаулыққа, баспана, су мәселесіне, елдің бүгінгі тыныш-тіршілігіне аса көңіл бөлді.

Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, өз шешімін тапқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың бұдан да жақсаратынына сеніміміз зор.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.