Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдамаға мүмкіндік мол

0 271

«Банк Хоум Кредит» ағымдағы жылдың қарашасы мен желтоқсан аралығында өз тұтынушылары арасында «Ұшқыр отбасы» науқанын ұйымдастыруда. Бүгінгі таңда аталмыш науқанға қатысқан үш бірдей жамбылдық несие алушы Египетке жолдама ұтып алды.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Акцияға қатысу үшін клиент алдымен бөліп төлеуге несие алу керек, несие картасын ашу қажет немесе мобильді банк пайдаланушысы болып, сәттілікті күтуі тиіс. Жалпы бұл акция бойынша саяхаттауға 81 жолдама беріледі.
Осылайша, Египетке екі билетке ие болуға мүмкіндігіңіз бар. Қызыл теңіз жағасында жеті күн демалуға мүмкіндік беретін бұл акция бірнеше жылдан бері өтіп келеді. Пирамидалар, пальмалар, құм және ыстық теңіз. Қандай керемет екенін елестеттіңіз бе? Алматы-Египет-Алматы ұшақ билеттерін, барлық жағдайларды «Банк Хоум Кредит» қарастырған. Осы тұрғыда, «Банк Хоум Кредит» несие алып, Египетке екі адамға билет ұтып алған жандармен тілдескен едік. Соның бірі тараздық – Лаура Бүргебаева.
– Басында ұтамын деген ойым болған жоқ. Бұрын ешқашан лотерея дегендерді жеңіп көрген емеспін. Қанша ойындарға қатыссам да, алғашқы жеңісім – осы. Жалпы Египетке деген ықыласым бұрыннан бар. Себебі қазіргі таңда шекара асып, ел тану, жер тану арқылы танымыңды кеңейтесің. Тынысың ашылады. Арманым орындалып жатыр. Жеңіске жеткеніме сертификат берілгенше сенбедім. Екінің бірі қатыса алады екен. Науқан дегендерге сенбейтіндерге айтарым, әділ екеніне көзімді жеткізіп отырмын. Өзім несиеге принтер алған болатынмын. Он шақты күннен соң банктен хабарласты. Бұл саяхатқа жұбайыммен бірге барамыз деп жоспарлап отырмыз, – деді жолдама иесі.
Қазіргі таңда екі адамға арналған 81 жолдама өз иегерлерін күтуде. Барлық шарттарды орындап, Египетке екі билет ұтып алуға әрбір «Банк Хоум Кредит» тұтынушысының мүмкіндігі бар. Қызыл теңіздің жағалауында орналасқан қонақ үйде «Барлығы қамтылған» жүйесі бойынша ұмытылмас уақыт өткізіңіз. Айта кету керек, туристік жолдама чартерлік рейспен ұшу (Алматы-Египет-Алматы), Египет әуежайынан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу және «Барлығы қамтылған» жүйесі бойынша қонақ үйде тұру сынды шарттарды қамтиды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.