Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолақысын жүргізушінің жеке шотына төлемеңіз!

0 991

Соңғы кездері кейбір жосықсыз жүргізушілер қоғамдық көлік жолаушыларынан жолақысын қолма-қол төлеуді немесе оларды «Kaspi Gold» жеке шотына аударуды сұрап, телефон нөмірлерін көрінетін жерге іліп қою немесе QR-код жапсырмаларын жұлып тастау жағдайлары кездесе бастады.

Есіңізде болсын, жүргізушілердің жеке шоттарына ақша аудара отырып, жолаушылардың өздері автобустарды тезірек жаңарту мүмкіндігінен айырады және жолақысын төлеуде өрескел бұзушылыққа барады.
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары, қоғамдық көлікті бірге жақсартайық!
Сіздердің жолақысын дұрыс төлеулеріңіз Тараз қаласының қоғамдық көлігінің дамуына, автобустардың жаңаруына тікелей әсерін тигізеді.
Жолақысын «Tulparcard» көлік картасымен және «Tulparcard», «Kaspi.kz», «Halykbank» мобильді қосымшаларымен валидатордың экранында көрсетілген немесе «Tulparcard» жапсырмаларындағы QR-кодты сканерлеу және 4 таңбалы сандық автобус кодын енгізу арқылы, сондай-ақ SMS-пен 4444 қысқа нөміріне төлесеңіздер болады.
Сіздерден жолақысын жүргізушінің жеке шотына («Kaspi Gold» телефон нөмірі бойынша) аудару арқылы төлемеулеріңізді сұраймыз.
Жолақысын қолма-қол төлеген кезде жүргізушіден қағаз билет беруді талап етіңіз.
Жолақысын қолма-қол ақшамен төлеп, сізде қағаз билет болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 622-бабына сәйкес, билетсіз жол жүргені үшін 2 АЕК (7 384 тг) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.